Базаршы хан

Базаршы, БазарджибекАлтын Ордадағы “дүрбелең жылдары” (1359 —1379) билік құрған хандардың бірі. Жошы ханның Таңғұт есімді ұлының ұрпағы. “Шыңғыснамада” келтірілген дерек бойынша, Алтын Орда тағына Келдібек ханнан соң, шамамен 1362/63 жылы Жәнібек ханның жесірі Тайдула бегімнің көмегімен отырады. Ол Алтын Ордада ұзақ билік құра алмаған. Алтын Орда хандарының бірі шайбанилық Хызыр ханмен болған Сарай түбіндегі ұрыста жеңіліп, тақтан айрылды. Низам әд-Дин Шами мен Шараф әд-Дин Йаздидің мәліметтеріне қарағанда, Базаршы Алтын Ордада Келдібек, Наурыз, Черкес, Хызыр хан, Мурудтан кейін билік еткен.[1][2][3]

Алтын Орда терреториясы

Дереккөздер