Ақшымырау

АқшымырауМаңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл.

Ауыл
Ақшымырау
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Маңғыстау

Ауданы

Маңғыстау

Ауылдық әкімдігі

Ақшымырау

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°49′26″ с. е. 52°49′59″ ш. б. / 44.82389° с. е. 52.83306° ш. б. / 44.82389; 52.83306 (G) (O) (Я) 52°49′59″ ш. б. / 44.82389° с. е. 52.83306° ш. б. / 44.82389; 52.83306 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1934

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

1117 адам (2021)

Этнохороним

Ақшымыраулық, Ақшымыраулықтар

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

130401

Автомобиль коды

12 (R)

Ақшымырау картада
Ақшымырау
Ақшымырау
Ақшымырау картада
Ақшымырау
Ақшымырау

Географиялық орны

Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Бозащы түбегінің шығысында орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1934 жылы қаланды. Алғашында 4-5 үйден тұратын шағын елді мекен 1953 жылдан 1969 жылға дейін 19 партсъезд атындағы ұжымшардың және Калинин ауылдық кеңесінің орталығы болып келді.1969 – 1974 жылдары «Бозащы» кеңшарының, 1974 – 1995 жылдары «Ақшымырау» кеңшары фермасының орталығы болды. Кеңшар және бөлімше негізінде Ақшымырауда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы

19992009[1]2021[2]
122512641117

Инфрақұрылымы

Ауылда «Ә.Тобанияз» атындағы орта мектеп оқушыларға білім беруде. Онда 2014 жылға қарай 283 оқушы оқыды. 2009 жылы «КомМунай» ЖШС-нің демеушілік көмегімен 50 орындық «Айгөлек» балабақшасы қолданысқа берілді, 2014 жылы 1 ашық спорт алаңы салынды, 2015 жылы ауылдық клубтың ескіруіне байланысты жаңа 150 орындық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Ауылда сонымен қатар 2007 жылы салынған дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункті бар, 1 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Ауыл шаруашылығы

Ақшымырау селосында 22 шаруа қожалығы және "Ақшымырау" ЖШС тіркелген. Мал азығы жем-шөпке байланысты ауылда "Ақшымырау" ЖШС-сі және 2 шаруа қожалығы мал азығы шөп шабумен айналысады. 2014 жылғы есеп бойынша ауылдағы жеке шаруа қожалықтары мен тұрғындардың мал басы саны түйе-1613, жылқы-4945: қой-ешкі - 11303, сиыр-67 басты құрап отыр.

Дереккөздер