Ақмойын шыбыншы
Ақмойын шыбыншы (Muscicapa albicollis) - теңбіл шыбыншыға өте ұқсас құс.
Биологиялық сипаттама
Ақмойын шыбыншының теңбіл шыбыншыдан айырмашылығы ақ түс бүкіл бауырына жайылып, мойын тұсында арқа жағынан қосылады, сондықтан ақмойын шыбыншы аталған. Аналығы мен жас құстар теңбіл шыбыншыдан айнымайды десе де болады, алайда оларда ақ түс көбірек.
Таралуы
Бұл құс Еуропа және Алдыңғы Азияның ормандарында қоныстанады, ал экваторлық Африкада қыстайды. Оның Қазақстанға таяу ұялау орындары - Еділдің орта ағысы, Кавказ және Копетдаг. Ақмойын шыбыншы осы арадан Қазақстаныың батыс өңірлеріне - Жайық өзенінің аңғарына, Маңғышлаққа оқтын-оқтын ұшып енеді, сол жерден сәуір және мамырда кездеседі.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар