Асхат Өлмесұлы Шойынбаев

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев (10.6.1959 жылы туған, Алматы қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген.

1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, ротасы, батальонының командирі, полк штабының бастығы болды.

1993— 97 жылы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі,

1997-2000 жылы танк дивизиясы командирінің орынбасары - штаб бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі,

2000-02 жылы Батыс әскери округі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы,

2002-03 жылы оқу орталығының бастығы қызметтерін атқарды.

2003-04 жылы АҚШ-та қызмет бабымен больш,

2004- 05 жылы құрама (корпус) командирі болды.

2005 жылдан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Бірнеше медальдармен марапатталған[1].

Дереккөздер

Үлгі:Дерекөздер