Асабұқа Яняұлы
Асабұқа Яняұлы (1262 — 1309) — қоғам қайраткері, Юан патшалығының шүймиүян (мемл. дәрежедегі әскери істер мин-гі) бастығы. Қаңлы мемл. бірлестігі ханының ұрпағы. Монғолдар қаңлыларды бағындырғанда А-ның әкесі Яняны жесір қалған шешесімен бірге патша ордасына алып кеткен. Яня ержеткен соң ел билеп, князь шеніне ие болды. Асабұқа сол жерде туды. Ол өзінің зеректігімен, іскерлігімен көзге түсіп, он төрт жасында Орда атқосшысы, кейін Чыңзұң Темір патшаның әскери қызметшісі болды. Ұзұң Хайсан патша тұсында шүймиүян бастығы дәрежесіне көтерілді.
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар