Архаизм

Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Архаизм көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады. Әуезов «Тіл және әдебиет мәселесі» деген мақаласында өзбек, татар, араб, Иран тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Мысалы, «Жамбыл» сөзінің шығу тегін білмегендіктен, Жамбыл ақынның есімін таумен шатастырады. Ал өзбек тілінде «Жамбыл» - гүлдің аты, «мартук» атауы - «мартүк» деген шөптің атынан шыққанын тілге тиек еткен.[1]

  1. Лексика-сөзтудырушы архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ сөз жасау құрамы өзгерген сөз. Стилистикада архаизмдер төмендегі жағдайда колданылады:
    • а) Сол дәуір тарихын әсірелеу үшін (әдетте тарихи романдарда);
    • ә) Сөйлеу кезінде сөзге салтанатталық, қобалжытарлықтай әсер беру үшін, өленде, шешендік айтыстарда, (публицистикалық жанрларда қолданалады);
    • б) иронияда, сықақта, әжуалағанда күлкі шақыру (фельетон, памфлеттерде),
    • в) кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін (мысалы, діндарлық дәрежесі бар кісіпер).
  2. Лексика-фонетикалық архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ дыбыстық құрамы өзгерген сөз (орыс. глад - голод, зерцало - зеркало, гистория - история, пиит - поэт).
  3. Лексикалық архаизмдер - қазіргі таңдағы тілде синонимі бар көнерген сөз (қаз. уәзір - хатшы).
  4. Семантикалық архаизмдер - қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген мағынасында қолданылатын сөз.

Дереккөздер