Алтын резерві

Алтын резерві (ағылш. Gold reserve) - әр елдің мемлекеттік орталық банкі ие болған жалпы алтын қоры. Ол жеке тұлғалардың және үкіметтік емес ұйымдардың алтыны мен қағаз және басқа ақша-байлығын қамтымайды.

Әлемдегі ең үлкен алтын кеспегі, 250 kg. Toi museum, Жапония.

Алтын Резерві туралы деректер мен талдаулар

1900 жылдан бергі АҚШ-тың ресми алтын резервінің өзгерісі, жасыл түсті. (Алтын бағасы - сары түсті жолақпен)

1950ж. Жапонияның алтын резерві 6 тонна ғана болған екен. Ал, бүгіндері ол 765 тонна алтынымен әлемде алдыңғы 8 орында тұр. Дегенмен Жапонияның алтын қоры бұдан әлдеқайда көп. Өйткені оларда банктен алтын сатып алуға тиімді жағдай жасалған. Сондықтан ұлттық байлықтың қомақты бөлігі халықтың қолында, халықтың жеке мүлкі ретінде сақталуда.

1952ж. АҚШ алтын резерві 20663 тонна болған екен. Ал, 1968ж. АҚШ алтын резерві 10000 тоннадан төмен түсіпті.

Әлемде қазір 160 000 тонна алтын бар көрінеді. Олар төрт түрлі нұсқада сақталуда: 1.Әшекей бұйымдар 50.5%;2. жеке қаржы күйінде18.7%;3. Әр елдің банкінде сақталғаны 17.4%;4.Өндіріс, химия, электроника саласында қолданылғаны13.4%. Әлем елдерінің жалпы алтын қоры кезекте 32687.833 тонна.

Көптеген елдердің алтыны өз елінде емес, шетелде, әсіресе АҚШ, Франция, Англия... елдеріндегі Алтын банктерде сақталуда.

Әлем елдерінің кісі басындық алтын үлесі картасы, 2011

Нью-Йорк Федералды резервтік банкі (Federal Reserve Bank) әлемдегі ең үлкен алтын сақтайтын банк болып, онда әлемнің 80 шақты елінің шамамен 5000-7000 тонна алтын резерві (әлемдегі жалпы алтын қорының ширегі) сақталуда. Мысалы Италия алтын қорының жартысы Рим қаласында, жартысы осы Нью-Йорк федралды резервтік банкінде сақталуда. Бұл банк Нью-Йорк қаласы Бостандық көшесі 33 те орналасқан. Оның 12 қабатты Итальяндық үлгідегі гранит ғимаратының астында 25 метр тереңдікте (теңіз деңгейінен 15 метр терең) көп елдің алтыны жарқырай тізулі тұр. Онда 120 шақты бөлім, әр бөлімде жүздеген бөлме бар. Әр бөлім әртүрлі елдерге тән. Бірақ онда жұмыс істейтіндердің өзі қайсы бөлім қайсы елдікі екенін мүлдем білмейді.

Бірақ АҚШ алтын резервінің бәрі түгел Нью-Йоркте емес. Жартысына жуығы Кентукки штатындағы Луисвиллден ондаған шақырым алыстағы Форт Нокс әскери базасында сақталуда. Бұл жер АҚШ -тағы ең қатты қорғалатын өңір есептеледі.

Алтын кристал, хлор газын қолданып химиялық реакция арқылы синтетикадан жасалған, тазалығы 99.99%

Әлемдегі екінші алтын сақтайтын банк - Англия Банкі. Бұл банктің алтын сақтайтын қоймасы Лондонда болғанымен, жер астындағы орны құпия, ал оның ауыр кілтінің өзі бір метр ұзын екен)) Кілтті дәу құлыпқа салғаныңызбен де алып есік ашылмайды, сіз ондағы микрофонға құпия сөзді айтуыңыз керек.

Алтын десе жұрттың есіне бірден Швейцария банкі түседі. Бірақ ол үшінші орында тұр әрі онда сақталған алтын резерв қоры белгісіз.

Франция әлемде төртінші алтынқұмар ел. Франция банкі францияның 100% алтын резервін (2435.4 тонна) өзі сақтап отыр. Париж 1 райондағы бұл банктің жер астындағы 8 қабатында футбол майданы аумағындай (11 000 шаршы метр) жерге алтындар тізіп қойылған.

Tutankhamun маскасы

Кейбір адамдар мәлім елде өз елінің дәл сондай алтын резерві бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы неміс Peter Boehringer Германияның шетел банкіндегі алтындары утоапия деп қарады. Өйткені немістер де, неміс банктері де Нью-Йоркте Германияның сонша алтыны бар екенін санап көрген жоқ қой. Бұл Германия секілді елдерде 2012 жылдан бастап елдің алтын резервін "Елге қайтару" қозғалысын туғызды. Неміс үкіметі қазір 2020 жылға дейін Германияның 300 тонна алтын резервін Нью-Йорктен елге қайтаруды қолға алып жатыр. 2013 жылы олар Франция банкінен 32 тонна алтынды, Нью-Йорктен 5 тонна алтынды (жоспар 50 тонна болған) елге қайтарды. Алтынды елге қайтару тек Германияның ғана емес, Голландия, Швейцария, Бельгия, Венесуэла секілді біраз елдерде де жалғасын тапты. Олар өз алтындарын АҚШ басқа банктерге кепіл ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады, дағдарыс пен басқа себептерден бұл ұлттық қазына кемуінен және тоналуынан алаңдайды.

Ал, жекелер қолындағы алтынның шамасы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұрады екен. Әлемдік алтын кеңесі (World Gold Council) мәлімдеуінше, үндістандықтар әлемдік алтын қорының 10 пайызын, яғни 10,000 да 15,000 тоннаға дейін алтын ұстап отыр.

АҚШ -тың ең әйгілі экономисті Кейнс айтқан болатын: "Алтынның мемлекет үшін маңызы ерекше. Ол ең соңғы бекінісің, ең қажетті кезде алып шығар қорың. Ешбір басқа нәрсе оның орнын әлі баса алған жоқ".

Ал, еліміздің алтын резерві де біршама тәуір. Қазақстан 264.0 тонна алтынымен (әрбір қазақстандыққа 14.67 грамм) әлемде дәл қазір 21 орында (2017ж. сәуір) тұр. Бірақ алтындарымыздың қайда сақталғаны туралы қазірше нақты дерек жоқ.

Әр елдің алтын қоры

2020

Үздік 20 ел - Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің ең жаңа рейтингісі (2020 жылдың қарашасына дейін)[1][2]
РейтингМемлекет/ОрганизацияЖалпы иелеген алтыны
(метр тонна)
Бөліскен алтыны
форекс резервтері
1  АҚШ8,133.579.4%
2  Германия3,362.476.6%
Халықаралық валюта қоры2,814.0N/A
3  Италия2,451.871.1%
4  Франция2,436.166.7%
5  Ресей2,298.723.9%
6  Қытай1,948.33.6%
7  Швейцария1,040.06.2%
8  Japan765.23.3%
9  Үндістан668.27.4%
10  Нидерланд612.569.3%
11  Түркия561.047.4%
Еуропа Орталық Банкі504.834.8%
12  Тайвань423.64.9%
13  Португалия382.674.6%
14  Қазақстан383.368.7%
15  Сауд Арабиясы323.14.1%
16  Ұлыбритания310.311.1%
17  Өзбекстан307.355.6%
18  Ливан286.837.2%
19  Испания281.621.3%
20  Аустрия280.059.4%
21  Польша228.79.9%
22  Бельгия227.442.8
23  Филиппиндер190.211.7%
24  Алжир173.616.9%
25  Венесуэла83.5
26  Тайланд154.03.7%
27  Сингапур127.42.3%
28  Швеция125.713.3%
29  South Africa125.314.0%
30  Мексика119.93.6%

2017

2017ж. сәуірге дейінгі әлемдегі алтын резерві бойынша алдыңғы 40 ел [3][4][5][6]
РетіМемлекет/ҰйымАлтын қоры
(тонна)
Қордағы алтын үлесі
1  United States8,133.575.4%
2  Germany3,377.969.6%
3International Monetary Fund2,814.0N/A
4  Italy2,451.868.5%
5  France2,435.864.0%
6  China1,842.62.4%
7  Russia1,655.416.8%
8  Switzerland1,040.06.0%
9  Japan765.22.5%
10  Netherlands612.564.9%
11  India557.86.1%
12 European Central Bank504.827.2%
13  Taiwan423.63.8%
14  Turkey[7]413.015.5%
15  Portugal382.558.1%
16  Saudi Arabia322.92.4%
17  United Kingdom310.38.9%
18  Lebanon286.821.0%
19  Spain281.617.6%
20  Austria280.046.5%
21  Kazakhstan264.035.6%
22  Belgium227.437.3%
23  Philippines196.39.7%
24  Algeria187.565.6%
25  Venezuela173.65.8%
26  Thailand152.43.4%
27  Singapore127.42.0%
28  South Africa125.78.6%
29  Sweden125.310.8%
30  Mexico120.22.7%
31  Libya116.66.4%
32  Greece112.865.4%
33  South Korea104.41.1%
34Bank for International Settlements104.0N/A
35  Romania103.710.3%
36  Poland103.03.8%
37  Iraq89.87.9%
38  Australia79.96.3%
39  Kuwait79.09.4%
40  Indonesia78.12.7%
-Total for the Top 4031,563.1

2015 жылы 17 шілдеде, Қытай өздерінің алтын резервін күшейтуді қолға алып, 57 пайызға, яғни 1054 -тен 1658 тоннаға дейін өсірді. Бұл олардың 6 жылдан бергі тұңғыш рет өз алтын қорын жариялауы еді.[8][9]

Алтын қоры әрбір елдегі алтынның физикалық қорын көрсетпейді[10][11]

2015

2015 жылғы әлемдегі үздік 40 елдің алтын резерві[12][13][14][15]
ретіМемлекет/ҰйымЖалпы ие болған алтыны
(Тонна)
Қордағы
алтын үлесі
1  АҚШ8,133.572%
2  Германия3,381.066%
3International Monetary Fund2,814.0N.A.
4  Италия2,451.864%
5  Франция2,435.660%
6  Қытай1,762.32%
7  Ресей[16]1,415.013%
8  Швейцария1,040.06%
9  Japan765.22%
10  Netherlands612.555%
11  India557.75%
12  Түркия[17]515.516%
13 European Central Bank504.824%
14тайвань423.63%
15  Португалия382.567%
16  Venezuela361.066%
17  Saudi Arabia322.92%
18  United Kingdom310.38%
19  Lebanon286.820%
20  Испания281.618%
21  Austria280.043%
22  Belgium227.432%
23  Қазақстан221.827%
24  Philippines195.88%
25  Algeria173.64%
26  Thailand152.43%
27  Singapore127.42%
28  Sweden125.77%
29  South Africa125.29%
30  Mexico121.42%
31  Libya116.65%
32  Greece112.664%
33Bank for International Settlements108.0N.A.
34  South Korea104.41%
35  Romania103.79%
36  Poland102.94%
37  Iraq89.85%
38  Australia79.96%
39  Kuwait79.09%
40  Indonesia78.13%
-Total for the Top 4031,461.2

Дереккөздер