Аллохтон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

Аллохтон (грекше allos — өзге және chthуn — жер), геологияда — тектоникалық күштердің әсерінен өзінің алғаш түзілу аймағынан көлбеу беткей бойымен жазық бағытта жылжып кеткен тау жыныстарының кешені. Аллохондар тектоникалық жабындар деп аталатын құрылымдардың басты бөлігі болып табылады. Олардың жазық бағытта жылжу қашықтығы ондаған км-мен өлшенеді, тіпті жүздеген км-ге жетеді. Аллохонды құрайтын тау жыныстарының құрамы өзі төсеніші рөлін атқаратын автохтонға тән тау жыныстарынан мүлдем өзгеше келеді.

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Қазақ энциклопедиясы


Навигация мәзірі