Аллантоис

Аллантоис (allantois; гр. alias — шұжык, гр. eidos — түр) — ұрықтың артқы ішегінен жетіліп, ұрықтық зәр жиналатын ұрық қабығы — несепқабық; жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың ұрықтарының ұрық қабыршақтарының бірі (бауырмен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің).[1]

Несепқабық — ішкі ұрык қабығы — қағанақ (амнион) пен сыртқы ұрық қабығы — бүрліқабық (хорион) аралығында орналасады. Ол ұрық денесімен жіңішке өзек (урахус) арқылы байланысады. Аллантоис пен хорион бірігіп, аллантохорион бүрлі қабығын құрайды. Бүл қабық арқылы ұрықжолдас (плацента) пен ұрық кіндігін байланыстыратын қан тамырлары өтеді. Құстарда несепқабықтың қан тамырлары ұрық пен сыртқы орта аралығындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.[2]

Дереккөздер