Александр Николаевич Винокуров

қазақстандық ең танымал велоспортшы

Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.

Александр Винокуров
Велосипед спорты
Велосипед спорты
сурет
Жалпы мәлімет
Толық есімі

Александр Николаевич Винокуров

Лақап аты

Vino, Вино

Азаматтығы

 Қазақстан

Туған күні

16 қыркүйек 1973 (1973-09-16) (50 жас)

Туған жері

Бескөл ауылы, Бескөл ауданы Солтүстік Қазақстан облысы, ҚазКСР, КСРО

Бойы

177 см

Салмағы

70 кг

Шабандоз туралы мағлұмат
Қазіргі команда

карьерасын аяқтады

Мамандануы

универсал

Әуесқой командалары
1997EC Saint-Étienne Loire
Кәсіби командалар
1998—1999
2000—2003
2004—2005
2006
2007
2009—2012
Casino
Team Telekom
T-Mobile
Liberty Seguros-Würth
Астана
Астана
Өнер көрсету статистикасы
Маусымдар
Гранд-Турлар
Жеңісі
14
15
35
Басты жеңістер

Гранд-турлар

Тур де Франс
4 кезең (2003, 2005, 2010)
Испания Вуэльтасы
Бас классификация (2006)
Аралас классификация (2006)
4 кезең (2000, 2006)

Көпкүндік

Критериум Дофине (1999)
Париж — Ницца (2002, 2003)
Швейцария туры (2003)
Германия туры (2001)
Джиро дель Трентино (2010)

Біркүндік

Топтық жарыстан
Қазақстан чемпионаты (2005)
Льеж — Бастонь — Льеж (2005, 2010)
Амстел Голд Рейс (2003)
Медальдары
Велосипед спорты (шоссе)
Олимпиада ойындары
КүмісСидней 2000тас жолдан жарыс
АлтынЛондон 2012тас жолдан жарыс
Әлем чемпионаты
ҚолаВерона 2004жеке жарыс
ҚолаЗальцбург 2006жеке жарыс
Азия чемпионаты
АлтынTenggarong 2009жеке жарыс
КүмісTenggarong 2009топтық жарыс
Александр Винокуров Ортаққорда

Өмірбаяны

Спорт

Спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған болатын. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды [1].

Кәсіби спорт

Пошта маркасы, 2013 жыл

1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.

2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.

Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы.

2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды.[2]Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.

2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.

2011 жыл

Вино осы жылы соңғы рет кәсіпқой спортшы ретінде Тур де Франсқа қатысып, бірнеше күн сары жейдені киіп, этап жеңісіне жетсем деп жоспарлаған. 8-ші этап нәтижесі бойынша ол жалпы есепте 11-ші орынға жетіп, лидерден 32 секунд қана артта болатын, алайда 9-шы этапта құлап, бел сүйегін сындырып, жарыстан шығып кетуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Вино өзінің кәсіпқой спорттық өмірін аяқтады.

2012 жыл

Аталмыш жылы өткен Лондон 2012 Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан үшін үлкен қуаныш әкелді. Осы жазғы ойындардан кейін үлкен спортпен қош айтысам деген Александр кенеттен күтпеген жерден ел қанжығасына бірінші алтынды байлады. Финишке аздаған минуттер қалған кезде, теке тірескен колумбиялық велошабандозды баса озған Вино Олимпиаданың бірінші күнінде әнұран ойнатып, Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің спорттағы карьерасын алтынмен мығымдаған Винокуров осы оқиғаны спорттан кетуімнің тамаша нүктесі деп айтты. Кейін сұхбатында Александр "дайындық кезінде осы Лондон Олимпиадасынан алтын ұтсам, жақсы болар еді деп жұбайыммен қалжыңдасып едім", - деді. Еске сала кетейік, Винокуров 2000 жылы Сидней жазғы Олимиадасында күміс жүлдегер атанған болатын. Александр 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "денешынықтыру" факультетінің магистранты атанды.[3]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар