Александр Михайлович Черепанов

Александр Михайлович Черепанов - мемлекеттік қайраткер, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы терағасының хатшылығын меңгерушісі.

Александр Михайлович Черепанов
Александр Михайлович Черепанов
Лауазымы
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының хатшылығын меңгерушісі
2007 жылдың желтоқсан
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ҚР Агенттігі төрағасының орынбасары
2002 — 2003
Өмірбаяны
БіліміҚазақстан ауылшаруашылық институты
МамандығыИнженер
Дүниеге келуі16 қыркүйек 1956 (1956-09-16) (67 жас)
Омбы, РКФСР, КСРО
МарапаттарыҚР Президентінің алғыстары

Өмірбаяны

Черепанов 1956 жылы 16 қыркүйекте РКФСР-дегі Омбы қаласында туған.

  • Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1978), инженер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1978 жылдан - Бүкілодақтық «Леспроект» бірлестігінің Қазақ орман жайғастыру кәсіпорнында инженер-таксатор. 1980 жылдан - ҚазКСР Орман және ағаш өңцеу өнеркәсібі министрлігінің өндірістік - технологиялық басқармасында жетекші инженер.
  • 1986 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесінің істері басқармасының халық тұтынатын тауарлар бөлімінде референт, аға маман, жетекші маман. 1991 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының Өнеркәсіп салаларын дамыту референтурасының референті, ҚР Президенті Аппараты мен ҚР Министрлер кабинеті өнеркәсіп және халық тұтыну тауарлары бөлімінің референті, аға референті.
  • 1992 жылдан - ҚР Президенті Аппараты және Министрлер кабинеті ұйымдастыру жұмысы мен жергілікті әкімшілік бөлімінің бас инспекторы. 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру - бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі хатшылығының меңгерушісі.
  • 2002 жылдан – Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ҚР Агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2006 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президент аппараты жетекшісінің орынбасары. 2007 жылдың желтоқсанынан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы терағасының хатшылығын меңгерушісі.

Марапаттары

5 мерейтой медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстарымен ескерілген (2001, 2006).[1]

Дереккөздер