Адам Мекебаев

Адам Мекебаев (19.4.1940, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы - 8 қыркүйек, 2014 ж., Алматы) – жазушы.

Адам Мекебаев
Туған күні

19 сәуір 1940 (1940-04-19)

Туған жері

Қармақшы ауданы

Қайтыс болған күні

8 қыркүйек 2014 (2014-09-08) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Ұлты

қазақ

Марапаттары,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өмірбаяны

  • 1960 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне) түсіп, 1962 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне ауысады. Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) 1965 жылы бітіреді.
  • 1987 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірген .
  • 1965 – 1966 жылдары «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде редактор болып істеген.
  • 1966 – 1971 жылдары Қызылорда облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры қызметін атқарды.
  • 1974 – 1975 жылдары Республикалық «Қайнар» редакциясында редактор.
  • 1975 – 1981 жылдары «Жазушы» баспасында редактор.
  • 1981 – 1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде қызмет атқарды.
  • 1983 – 1984 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі.
  • 1987 – 1992 жылдары «Жұлдыз» журналында редактор қызметін атқарды.
  • 1992 – 2002 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор.
  • 2002 – 2005 жылдары «Ақжелкен» журналында қызмет атқарды.

Шығармалары

Халқымыздың бұрынғы және бүгінгі тағдыры мен болашағы жайлы тереңнен тартып сөз қозғайтын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Романдары:

  • «Періште келіншек» (1982);
  • «Дауылды жер» (1988);
  • «Құпия қойма» (2008).

Повестері:

  • «Жаза» (1970);
  • «Жадыра» (1970);
  • «Жезтырнақ» (1973);
  • «Кездік» (1973);
  • «Аңызақ» (1978);
  • «Жар жағалаған қыз» (1978);
  • «Жазғы демалыс» (1974);
  • «Үйінен қашқан бала» (2007).

«Лебединная печаль», «Суховей» повестері Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде жарық көрді.

Өлеңдер жинағы:

  • «Дала мінезі» (1976).

Тарихи-философиялық еңбектері:

  • «Ой түбінде жатқан сөз» (2003);
  • «Мың жарым жылдық қате» (2003).

Пьесалары:

  • «Аяқталмаған айқас»;
  • «Жеті балл жер сілкініс».

Марапаттары

  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005);
  • С. Садуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000);
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған (2001);
  • «Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері» (2013).[1]

Дереккөздер