Автотомия

Автотомия (гр. autos — өзім, өздігінен; tome — кесу, үзу, түсіп қалу) — оқыс тітіркеніске байланысты кейбір жануарлардың өздерінің дене бөліктерін өздігінен үзіп тастау қабілеті. Мыс., актинийдің қармағышын, кесірткенің құйрығын өздігінен үзіп тастау құбылысы; кейбір жануарлардың қатер қорғаныш реакциясы ретінде өз денелерінің қыспағында бөлігін үзіп тастауы – мысалы жыртқыштардың шабуылы кезінде.[1] Үзілген дене бөліктері соңынан қалпына (регенерация) келеді.[2] ==Жалпы түсінік==Аутотомия- көптеген жануарлардың жауынан қорғанғанда аяғын немесе денесінің немесе басқа жеке бөліктерін үзіп, тастап кетуі. Аутотомия өзін-өзі зақымдау болғанмен, эволюциялық даму кезінде қалыптасқан жануарлардың өзін-өзі сақтау шарасы болып табылады. Кейбір жануарларда аутотомияға ұшыраған жануарлардың мүшелері қайта калыпқа келеді. Аутотомияға жануарлардың әртүрлі мүшелері ұшырайды, мысалы:

Мысалы

Мысалға келтіретін болсақ, олар:--Кейбір полиптер мен актиниялар қармалағыш аяқтарын, жұмыр құрттар денесінің құйрық жағын, кейбір молюскілер сифондарын және денесінің басқа да бөліктерін, шаян тәрізділердің бірқатары қысқыш аяғынан, өрмекші тәрізділер мен көп аяқтылардың кейбір түрі аяқтарын үзіп тастап кетеді. --Аутотомия омыртқалы жануарлар арасында кесірткелерде де кездеседі, олар ұсталған құйрығын үзіп кете береді

Дереккөздер