Аваль

Аваль (фр. aval — тапсырма, чек, вексель т. б. тапсырмасы) — төлеу үшін ерекше кепілдікті жазба түрінде ресімделген жазбаша қаржы кепілгерлігі; банк несиесін беру нысаны. Аваль чектің (вексельдің) бүкіл сомасына немесе оның тек бір бөлігіне ғана төлемшіден кез келген жауапты адамның атынан (мысалы, чек немесе вексельиесінің, акцептанттың, индоссанттың атынан) жасалуы мүмкін. Аваль чектің (вексельдің) беткі жағына немесе қосымша параққа (аллонжға) "аваль деп есептелсін" деген сөздер жазу және оның кім үшін берілгені көрсетіліп белгі соғу жолымен беріледі.[1]

Азаматтық құқықта— вексель бойынша кепілгер болған адам (авалист), вексель төлемі үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды; вексельдің өзіндегі авалистің кепілдік жазбасы, не арнайы құжатты беру арқылы рәсімделеді.[2]

Аваль банктік

Банктің вексельдік тапсырысы, осы арқылы ол вексель иесі алдында вексель бойынша міндетті кез келген тұлға: акцептант, вексель беруші, индоссант алдында төлем міндеттемелерініц орындалуы үшін жауапкершілік алады.[3]

Дереккөздер