І Жуан

І ЖуанПортугалия мен Алгарвеннің оныншы патшасы. Ависс әулетінің негізін қалаған және «Лорд» атағын Сеутада алғаш болып иеленген. 1364 жылы Ависс орденінің мигистрі болып тағайындалады. 1383-1385 жылдар аралығында І Жуан Португалия патшалығының регенті болған. Бұл дағдарыс кезі болатын. 1383 жылдың қазан айында ағасы Фернандо қайтыс болды. Тақ мұрагерлігіне иелік ететін ұлы болмағандықтан, айналасындағылар Фернандоның жалғыз қызы - Беатришке билікті беруге күш жұмсады. Беатриш Кастилия патшасы I Хуан Карлосқа тұрмысқа шыққан соң, Португалия бар болғаны Испанияның провинциясы болып қалды, яғни 1383 - 1385 жылдары саяси анархия кезеңі орын алып, Португалияны бірде-бір патша басқарған жоқ.1385 жылдың 6 сәуірінде патшалықтың Коимбрада шақырылған кеңесі Жуанды Португалия патшасы деп жариялады. Бұған келіспеген кастиялықтар Жуанды тақтан құлату мақсатымен Португалияға басып кірді. [1]

John I
Portrait painted c. 1435
King of Portugal and the Algarve
Тақта отыру жылдары6 сәуір 1385 – 14 тамыз 1433
Таққа отыру6 сәуір 1385
ІзашарыFerdinand I
ІзбасарыEdward
Regent of Portugal and the Algarve
Tenure16 желтоқсан 1383 – 6 сәуір 1385
ЖұбайыPhilippa of Lancaster
Issue
See Issue
ТегіHouse of Aviz
ӘкесіPeter I of Portugal
АнасыTeresa Lourenço
Туған күні11 сәуір 1358
Lisbon, Kingdom of Portugal
Қайтыс болған күні1433 ж. тамыздың 14 (75 жаста)
Lisbon, Kingdom of Portugal
Жерлеу рәсіміMonastery of Batalha
ДініRoman Catholicism

1385 жылы кастилиялықтардың әскері талқандалды. 1387 жылы I Жуан Джон Гонтаның қызы Филипп Ланкастерскаяға үйленді. Бұл неке Англия мен Португалияның одағын нығайтты.1415 жылы стратегиялық маңызы зор Африканың кеме жүзетін жағалауларын өзіне қаратқысы келген Жуанмұсылмандардың Сеут қаласына әскери жорыққа шықты. Осы сәтті жорығынан кейін ол басқыншылықсыз, тыныш саясатына қайта оралды.Жуан елді бейбіт түрде басқарып, елдің экономикалық дамуына барынша күш салды.

Дереккөздер

Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-591-4