Іскенже

Iскенже — дайындамаларды немесе тетіктерді өңдеу немесе құрастыру барысында екі ерін (жылжымалы және жылжымайтын) арасында қысуға және ұстап тұруға арналған айлабұйым; дайындаманы немесе тетікті өңдегенде немесе құрастырып жинағанда қысып ұстап бекітуге арналған құрал.[1]

Түрлері

  1. Әмбебап іскенже (Универсальные тиски) — қолданылуы әртүрлі тетіктерді қысуға арналған іскенже.
  1. Білдектік іскенже (Станочные тиски) — машиналық іскенже.
  2. Қол іскенже (Ручные тиски) - қол жұмысына арналған кіші өлшемді теміршебер іскенже.
  1. Машиналық іскенже (Машинные тиски) — металкескіш білдектің үстелінде дайындамаларды өңдеу кезінде қысып тұруға арналған іскенже.[2]
  2. Орындықты іскенже (Стуловые тиски) — бұру құрылғысы жоқ теміршебер іскенже.
  3. Өздігінен центрленетін іскенже (Самоцентрирущие тиски) — қысу процесінде өңделетін дайындаманың центрленуін қамтамасыз ететін машиналы іскенже.
  1. Теміршебер іскенже (Слесарьные тиски) — шебер үстелінде теміршебер жұмыстарын орындауға арналған іскенже.[3]

Дереккөздер