Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 236 472 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры | Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы | Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар | Уикидәйек Дәйексөз жинағы | ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана | Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||||
Уикисабақ Білім қоры | Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру | МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Білгенге маржан
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
- Грекияның қақ ортасындағы жасанды көл генералдың есімімен аталады.
- Берлинді алуға қатысқан жауынгер Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болды.
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: футбол (Копа Америка • Еуро 2024) • Израиль−Хамас соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы)
- 5 шілде – Ұлыбритания премьер-министрі болып Кир Стармер (суретте) сайланды.
- 3–4 шілде – Астанадағы ШЫҰ саммитіне 16 мемлекет басшылары мен БҰҰ Бас хатшысы қатысты.
- 2 шілде – Киевте болған қастандықтан кейін қазақстандық оппозиционер Айдос Садықов көз жұмды.
- 28 маусым – Қырғызстанның Науқат ауданында жойқын сел болды, бірнеше адам қаза тапты.
- 26 маусым – WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж АҚШ Әділет министрлігімен кінәсін мойындау туралы келісімге келіп, босатылды.
- 3 маусым – Клаудия Шейнбаум Мексика президенті болып сайланған алғашқы әйел атанды.
- 1 маусым – Реал Мадрид дортмундтық Боруссияны жеңіп 15-рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
10 шілде
Тәуелсіздік күні (Багам аралдары), Әскер күні (Мавритания)
- 138 — Антонин Пий Рим императоры болды
- 1890 — Вайоминг АҚШ-тың 44-ші штаты болды
- 1908 — голланд физигі Хейке Камерлинг-Оннес ең алғашқы сұйық гелий алды
- 1951 — Корей соғысы: Кэсонг қаласында уақытша бiтiм туралы келiссөздердің басталуы
- 1962 — Бiрiншi коммерциялық байланыс серiгiнің ғарышқа ұшырылуы
- 1973 — Багам аралдары Ұлыбританиядан тәуелсіз екенін жариялады
- 1973 — Ұлттық Пәкістан ассамблеясы Бангладешті мойындау туралы резолюция қабылдайды
Дүниеге келгендер
- 1592 — Пьер де Озье, француз тарихшысы
- 1871 — Марсель Пруст (1922), француз жазушысы және философ
- 1902 — Курт Альдэр, неміс химигі, 1950 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
- 1920 — Оуэн Чемберлен (2006), американдық физик, атом бомбасының құрастырушылардың бірі, 1959 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
- 1943 — Артур Эш (1993), афроамерикандық теннисист, 33 турнирдің жеңімпазы
Қайтыс болғандар
Шілде айына ортақ жұмыс
Барлық қатысушыларды мына мақаланы толықтыруға шақырамыз:
Жаһандық жылыну
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 6
Машиналық аудармалар саны: 50
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 342
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Үлгілер:Айдың ортақ жұмысы 2024